Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 14 Қараша 2023

«Маған жеңісті бермеді»: Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткені туралы

ufc
Фото: из открытых источников

Қазақстандық спортшы, файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткен кезі туралы айтып берді.

«Мен UFC-ге 32 жасымда келдім және мені жастарға қарсы шығара бастады. Кей кездері мен алдыңғы шепте болдым, оларды жеңдім, алайда маған жеңісті бермеді. Онда көбіне кім жас, кімнің келешегінен үміт күттіреді – соған қарайды. Әрі соларға ары қарай қимылдауға мүмкіндік береді», – дейді спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов (14-9) биыл шілде айында UFC-ден шығарылған болатын. Соңғы жекпе-жегінде америкалық Джошуа Вануға (8-1) есе жіберген еді.

Тегтер: