Қоғам

Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды

Батыс Қазақстандағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан хабарлады.

Нұрлан Серғалиев

Оның мәліметінше, құқық қорғау органдары ректордың жұмыс кабинеті мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізген

«Университет қызметкерлерінен түскен ақпаратқа сәйкес, бүгін университет ректоры Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Оның жұмыс орнында тінту жүргізіліп жатыр. Қылмыстық қудалауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр», – деп жазды Бауыржан Ахметжан.

Нұрлан Серғалиев Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутат.

Ресми түрде расталмаған мәліметтерге сәйкес, тергеу университеттің ғылымды дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқыруы мүмкін деген күдікке байланысты басталған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл іске қатысты ресми түсініктеме жариялаған жоқ. Күдіктінің кінәсі сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып есептеледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз