Саясат

Мамин де кабинетін күзетіп отырады

«Жаңа премьер-министр Асқар МАМИН басқаратын үкіметтен ешнәрсе күтпеймін. Ол бұрын да министрлер кабинетінің басшылығында болды».

Мамин де кабинетін күзетіп отырады
 Мұндай пікірді Жас Алаш тілшісіне саясаткер Балташ ТҰРСЫНБАЕВ білдірді.  Тоқсаншы жылдары Ауыл шаруашылық министрлігі мен Үкімет басшысының орынбасары болған Балташ Тұрсынбаев үкіметте тек декаративті өзгерістердің болғанын айтады. «Жаңа әрі һәм ескі бұл үкіметтен өз басым ешнәрсе күтпеймін. Асқар Мамин бұрын да үкіметте болды. Біраз министрлер де өз орындарында қалды. Бұл жай көз бояушылық. Халықты алдау ғой. Сағынтаев осал болған екен. Неге жаңа менеджерлер келмейді. Мамин дағдарыстан шығатын бағдарлама ұсына ма? Әлде ұлттық қордың ақшасын таратумен отыра ма?!», — дейді Балташ Тұрсынбаев. Балташ Тұрсынбаевтың пікірінше президенттік сайлау осы жылдың соңында өтуі ықтимал. Ондай жағдайда үкімет тағы да отставкаға кете ме деген сауал туындайды. «Өмірзақ Шөкеев Ауыл шаруашылық министрлігінде айтарлықтай жұмыс жасамады. Оның орнына соның қасында жүрген адам келді. Бұл салада тәжірбиесі де жоқ. Қаржы және экономика секторы да өзгеріссіз. Қаржы министрі болған Әлихан СМАИЛОВ өз орнында. Біздің үкімет дербес жұмыс жасай алмайды. Бір адамға жалтақтап қана отырады. Оларға зекуге де болады. Сондықтан, Мамин де кабинетін күзетіп отыруы тиіс», — дейді саясаткер. Фото: datnews.online
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз