Саясат

Мамин: Жатақхана салу жұмысын жандандыру керек

Қазақстанның Премьер-министріАсқар Мамин Үкімет мүшелерінің отырысында студенттерді жатақханамен қамтумәселесін сөз етті.

Мамин: Жатақхана салу жұмысын жандандыру керек

Премьер-министркелтірген деректер бойынша, алға жылжып жатқан облыстар болғанмен, артта қалыпотырған, аталған бағыт бойынша нашар жұмыс жүргізіп отырған да өңірлер бар. Мәселен,Жамбыл облысы мен Шымкент қаласының көрсеткіштері оң нәтиже көрсеткен. Бұлтізімде Елордада жүріп жатқан жұмыстар да бар. Сол себепті, артта қалғанөңірлер осы әкімдіктердің тәжірибесін негізге ала отырып, жұмыс істесе,Қазақстан бойынша жақсы көрсеткішке жетуге болады.

Асқар Мамин өз баяндамасында:

«СолтүстікҚазақстан облысы, Түркістан, Ақтөбе облыстарында осы бағытта жұмыс нашаржүргізілген. Бұл өңірлерде осы бағытта тиісті жұмысты ұйымдастыру қажет. Олардыңжобаларының құны нақты, ал мемлекеттік оқу орындары жобаларының құныайтарлықтай жоғары. Сондықтан инвесторлар үшін, олардың тартымдылығы үшін төмен», — деді.

Сонымен қатар, олбұл мәселе бойынша осыған дейін бөлінген қаржы жеткілікті екенін, оған қосымша бюджеттенақша бөлінбейтінін ескертті. Оның айтуынша, әр облыстың қолында қажеттіқұралдар бар. Соны негізге алып жұмыс істелуге тиіс.

Ол сондай-ақ, Білімжәне ғылым министрлігінің бастамасын қолдайтынын да айтты. Білім және ғылымминистрі Күләш Шәмшидинова баяндама жасап, 9 мың орынды жатақхана салынып, пайдалануғаберілетінін айтты. Мұның 1850 орындық жатақхана шымкент қаласына тиесілі. Осы біркөрсеткішке қарап-ақ, өзге өңірлерге тиесілі цифрларды бағамдай беруге болады.Дегенмен, бұл кқрсеткіш те Шымкент үшін жеткілікті деп айтуға келмейді, себебі,бұл қалада қазір 100 мыңнан астам студент бар.

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидиновамен қоса жоғарыда аталған қала мен облыс әкімдері баяндама жасады.

Шымкент қаласыныңәкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзі басшылық жасап отырған қалада бұл мәселеніқалай шешіп жатқаны жайлы:

«2018 жылы жекекәсіпкерлер мен БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ арасында 350 және 200 орындық екіжатақхана салу туралы келісімшарт жасалды. Осы жылы сәуірде 350 орындық үшқабаттық құны 1 млрд 5 млн тұратын жатақхана құрылысы жеке кәсіпкер Қайыпованыңқаражатына салынып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетістуденттеріне пайдалануға берілді. Ал құны 700 млн теңгеге 200 орындық 7қабатты жатақхана құрылысын «Югстройсервис» компаниясы жүргізіп, жыл соңынадейін пайдалануға беріледі», — деді.

Ол, сонымен қатар,алдағы уақытта қалай жұмыс істейтінін де тілге тиек етті:

«Әкімдік тарапынанШымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 5000 орындық жатақхана салужоспарлануда. Шымкент қаласынан «Шымкент-сити» шағын ауданынан 2 гектар жербөлініп, 2500 орындық 12 қабатты сегіз жатақхана салынады. Жобалық-сметалыққұжаттар дайындалады. Құрылыс жұмыстары осы жылы басталады. Қалған жатақханаорны тапшылығын жою үшін Тұран шағын ауданынан қосымша 4 гектар жер бөлінді.Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, жеке инвесторлармен келіссөздержүргізілуде».

Әбдірахымовтың айтуынша, биыл қалада 1850 орын жатақхана пайдалануға беріледі. Қаладағы студент жастарды жатақханамен қамту мәселесі 2020 жылы толығымен шешілмек.

Ал, Жамбылоблысында 1637 студентке жатақхана қажет. Қазір осы мәселені шешу бойынша Таразқаласында 500 орындық жатақхана салынып жатыр. Тараз мемлекеттік университетінеқарасты бұл құрылыс наурыз айында ғана басталған. Құны 1,3 млрд теңгеніқұрайтын жатақхана жыл аяғына қарай қолданысқа берілмек. Жатақханаға арнайы 1,5гектар жер бөлінген. Әкімнің айтуынша, жаңа жатақхана салу жұмысы үш ЖОО-дажүреді.

«Тараз мемлекеттікпедагогикалық университетіне 0,7 гектар жер бөлініп, инвестор анықталған.Жобалық-сметалық құжаттамалар аяқталып жатыр. Мемлекеттік сараптамадан өткенсоң құрылысын бастауға дайынбыз», — дейді Мырзахметов.

Сонымен қатар, тағыбір ЖОО – Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің студенттерінеарналған 450 орындық жатақхана басқалай жолмен шешілмек. Әкімнің айтуынша, бұлүшін қонақүй ғимараты сатып алынатын көрінеді.

«Әкімдікке қарайтынүш колледжде жатақхана мәселесі бойынша жер бөлу толық шешілді.Жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Инвестормен келіссөздер жүргізілуде.Жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда. Облыста қойылған міндеттерді атқаруғақатысты жұмыстың бәрі орындалуда. Кейбір жатақханаларды толық кестеден бұрынтапсыруды жоспарлап отырмыз», — деген Мырзахметовтің бұл бастамалары өзгеоблыстарға да үлгі болуы керек деген бағаға ие болды.

Күләш Шәмшидиноваөз кезегінде биылғы көрсеткіш аса жаман болмағанмен, келер жылғы жоспарлардыңіске асуына қатысты қиындықтар тууы мүмкін екенін айтып, бірқатар жобаларғаҮкіметтің қолдау көрсетуін сұрады.

Министрдіңайтуынша, қазіргі уақытта 43 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жоба ойдағыдайорындалса 19 мыңнан астам студент жатақханамен қамтылады. Және ерекше атап айтқаны,бұл жобалар аясында биылғы жылдың жоспарын асыра орындалғаны. Министрдің сөзінесүйенсек, биылғы жоспар о баста 5 мың орын болған, дегенмен, ағымдағы жоспарөзгеріп, бұл кқрсеткіш 9196 орынға жеткен. Яғни, о бастағы жоба 184 проценткеасыра орындалмақ.

«Жатақханақұрылысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысы көшбастап тұр. Ал Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында жұмысқарқыны төмен. Мемлекеттік оқу орындарымен салыстырғанда, жекеменшікмекемелердің белсенділігі әлдеқайда жоғары», — деді Шәмшидинова.

Жалпы, ҚазақстанРеспубликасы Үкіметі 2022 жылға дейін жалпы көлемі 75 мың орындық жаңастуденттік жатақханалар салуды жоспарлаған. Осы міндет негізінде оқуорындарынығ өз қаражаты есебінен немесе инвесторлар арқылы реттелуге тиіс қаржымоделі де дайындалған. Осы жағынан мемлекеттік бағдарлама негізіндекәсіпкерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылады. Мәселен, банктерден берілетіннесиелердің пайыздық мөлшерлемесі 7 пайызға дейін төмендетіліп, оның сыртындақұрылыс ережелері жеңілдетіледі.

Министр Шәмшидинованыңсөзіне сүйенсек, «жатақхана қолданысқа берілгеннен кейін оның иесіне 8 жылқатарынан мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын болады. Жаңа құрылыс жағдайындаоның көлемі бір студент үшін жылына 308 мың теңгені, ал реконструкция болса,119 мың теңгені құрайды».

Үкімет отырысындапремьер министр Мамин жатақханаларды пайдалануға берудің нақты жоспары менережелерін жасап, оны уақтылы орындауды тапсырды. Үкімет басшысының сөзінесәйкес, жалпы, жатақхана салу ісінде инвесторлардың атқарар ролі зор болмақ.Бұл жерде негізгі жұмыстар – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүреді.Мұның негізгі себебі – бұл тарапта мемлекеттік бюджет тарапынан қосымша қаржыбөлінбейді. Мамин осыған байланысты тапсырма да берді:

«Бірінші,өңірлерде барлық оқу орны көрсетілген жатақханалар салудың толық кестесінбекіту. Екінші, қымбат тұратын жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тоқтату.Үшінші, жер мәселесін оңтайлы шешу мақсатында мемлекеттік жоғары оқу орындарынкоммерциялық емес акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдастыру жұмысын жеделдету.Төртінші, осы жобаны іске асыру барысында сейсмикаға қатысты мәселелеркөтерілді. Осыған байланысты нормативке сейсмиканы ескеретін коэффициенттіқарастыру».

Жатақхана салынса,студенттердің тұратын орындары шешілсе ғана жоғары деңгейлі білім беру жүйесінқұру мүмкіндігі жоғары болады. Бұл да премьердің сөзі. Сонымен қатар, жиындақұрылыс жұмыстарының тым қымбаттап кетпеуін қадағалау мәселесі де айтылды.

«Әкімдерректорлармен және оқу орындарының басшыларымен бірлесіп, студенттержатақханаларын салу жұмысын жандандырып, жоспарланған нысандарды уақытындатапсыруды қамтамасыз етсін, қымбат жобалық-сметалық құжаттама әзірлеудітоқтатсын», — деді Асқар Мамин.

Фото: primeminister.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз