Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:41, 07 Ақпан 2024

МӘМС-ке өзгеріс қажет – Тамара Дүйсенова

Тамара Дүйсенова
Фото: из открытых источников

Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселенің бірі – МӘМС. Елімізде 2 миллионнан астам адам жүйеден тыс қалып отыр. МӘМС жүйесі жалғасын таба ма, әлде тоқтай ма? Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді. 

Оның сөзінше, МӘМС тоқтамайды, алайда жақсарту үшін жұмыстар жүргізіледі. 

"МӘМС-ке қатыспаған адамдар кепілдендірілген медициналық көмекті алып жатыр. Ал жалпы МӘМС-тің өзі бойынша біз жұмысты бастадық. МӘМС жүйесі жұмыс істейтін шетелдерде азаматтарды іздеп шақырып, көмек сұрайды. Бізде азаматтар емханаларды өздері іздеп жүреді. Осындай проблемалар бар", – деді ол.

Бұдан бөлек премьер-министрдің орынбасары бұрынғы министр Ажар Ғиниятқа қатысты пікір білдіріп, МӘМС-тегі олқылықтардың себебін түсіндірді. 

"Ажар Ғиният дәрігер ретінде жақсы жұмыс істеді. Бірақ МӘМС-те біраз мәселе бар. Осы МӘМС-тің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер қажет.

Мемлекет басшысы кепілдендірілген сақтандыру пакеттерінен бір пакет жасау керек екенін айтты. Оны қазір бастаймыз. Екіншіден, тарифті көтеру мәселесін де қарастырамыз. Үшінші мәселе азаматтардың қатысуы жөнінде. Қазір қатысуға мүмкіндігі бар, еңбек табысы бар азаматтарды тарту бойынша жергілікті жерлерде жұмыстар басталды. Мүмкіндігі жоқ азаматтарды жергілікті атқарушы органдармен бірге қарастырамыз",- деді ол.