11:21, 15 Қаңтар 2024
Маңғыстау облысының шекарасы кеңейтілді

Маңғыстау облысының шекарасы ресми түрде кеңейтілгені белгілі болды. Осылайша, үкімет облыс шекарасын өзгерту туралы қаулыға қол қойды, деп жазды Zhasalash.kz.
"Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығаруға арналған бастапқы сызықтар арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін", - делінген қаулы мәтінінде.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң, 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.