Назарбаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтты
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Бұл туралы оның ресми сайтында жарияланған хабарламада айтылған
«Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады», – делінген хабарламада.