Руханият

Маңғыстау жартасты мешіттерін сақтаудың жаңа кезеңі басталды – сарапшы

Маңғыстаудың бірегей жартасты мешіттерінің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізімінеенгізілуі тарихи нысандарды сақтау мен басқаруға жаңа талаптар қояды.

Бекет ата

Енді халықаралық мәртебеге иекешендерді қорғау, зерттеу және туристік әлеуетіндамыту жұмыстары ЮНЕСКО талаптарына сәйкесжүргізіледі. Бұл туралы Маңғыстау мемлекеттіктарихи-мәдени қорығының басшысы БалтабайҚайыпұлы бөлісті.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және оларменсабақтас нысандар» сериялық номинациясы аясындабес қасиетті кешен – Оғландыдағы Бекет ата, Шопаната, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан үпіжартасты мешіттері енгізілді.

Кешендер құрамына мешіттермен қатар тарихи қорымдар, көне кесенелер, зиярат жолдары, киелі құдықтар және басқа датарихи-рухани нысандар кіреді.

Балтабай Қайыпұлының айтуынша, халықаралық мәртебе тарихи мұраны әлемге танытуға мүмкіндік берумен қатар, оны сақтауға үлкен жауапкершілік жүктейді.

«ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізімінеенген әрбір ескерткіш халықаралық қауымдастықтың назарында болады. Оның сақталуы, қорғалуы мен басқарылуы халықаралық талаптарға сай жүргізілуітиіс», – деді қорық басшысы.

Қазіргі уақытта 2027-2032 жылдарға арналғанкешенді басқару жоспары әзірленіп жатыр. Құжатта ескерткіштерді сақтау және ғылыми зерттеу, реставрациялау, туристер ағынын ұйымдастыру, қауіпсіздік пен қорғау тетіктері қамтылады.

ЮНЕСКО тізіміне енгізу алдындағы дайындықаясында мамандар ғылыми және техникалық құжаттарды әзірлеп, нысандардың қорғау аймақтарының шекараларын белгіледі. Ақпараттық стендтер орнатылып, үш тілде фотоальбомдар, буклеттер мен бейнематериалдар дайындалды. Тарихи кешендерді халықаралық сарапшылар да бірнеше кезең бойынша зерделеген.

Сарапшының айтуынша, бүгінде Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының есебіндежергілікті маңызы бар 601 және республикалықмаңызы бар 25 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың жай-күйі тұрақты бақылауда. Мамандар жыл сайын нысандарға мониторинг жүргізіп, бүліну қаупі немесе табиғи факторлардың әсері анықталғанжағдайда тиісті ғылыми қорытынды әзірлейді.

Қорық басшысының сөзінше, тарихи нысандарды қалпына келтіру жұмыстары тек ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Реставрацияның мақсаты – ескерткішті жаңарту емес, оның тарихи келбеті мен түпнұсқалығын барынша сақтау.

Ескерткіштерге табиғи факторлармен қатар адамәрекеті де қауіп төндіреді. Биыл Жартасты мешітінде белгісіз азаматтардың өз бетінше пластик терезе орнатуы қоғам назарын аударған болатын. Аталған жағдай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабарланып, заң аясында шаралар қабылданды.

«Тарихи ескерткішті сақтау – оны қазіргі заманғабейімдеу емес, оның тарихи болмысын өзгертпейкелер ұрпаққа жеткізу», – деп атап өтті Балтабай Қайыпұлы.

ЮНЕСКО мәртебесі өңірге келетін туристер санын да арттыруы мүмкін. Соңғы екі-үш жылдың өзінде Маңғыстауға қызығушылықтың өскені байқалған. Бұл туризм мен жергілікті кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік бергенімен, тарихи нысандарға түсетін жүктемені де арттырады. Сондықтан келушілер ағынын реттеу, инфрақұрылымды дамыту және тарихи мұраны қорғау талаптарын сақтауалдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болмақ.

Маңғыстауда халықаралық деңгейде танытуға әлеуеті бар басқа да тарихи нысандар бар. Өңірде жиырмаға жуық жартасты мешіті сақталған. Олардың қатарында Машат ата, Қырықбай мешіті, Үстірттегі Бекет ата және Ескі Бейнеу маңындағы бірқатар нысандар бар. Ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін оларды да кезең-кезеңімен халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Сонымен бірге Көкөрімдегі жартасты мешітін реставрациялауға арналған ғылыми-жобалық құжаттама әзірленген. Қаржыландыру мәселесі шешілгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары басталады. Алдағы кезеңде тарихи ескерткіштерді зерттеумен реставрациялау жұмыстары жалғасып, олардың электронды базасы мен интерактивті карталары жетілдіріледі. Сондай-ақ экскурсиялық қызметті дамыту, халықаралық ғылыми конференциялар өткізу және жастар арасында тарихи мұраны насихаттау жоспарланып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз