Әлеумет

Маңғыстауда екі жекеменшік клиника 221 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз алды деген күдікке ілінді

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражатын жымқыру дерегі бойынша екі жекеменшік медициналық орталықтың басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

ақша

Тергеу мәліметіне сәйкес, ИБН СИНА және SOFIE MED GROUP медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған «варикоцеле» диагнозы бойынша көрсетілген қызметтерді рәсімдеу кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операция – кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы қызметінің кодын қолданған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, осы тәсіл арқылы 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызмет көрсетілгендей рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған.

Бұдан бөлек, 19 жағдайда пациенттер өздерінің аталған медициналық орталықтарға мүлде жүгінбегенін мәлімдеген.

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі 221 миллион теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз