Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:38, 26 Сәуір 2024

Маңғыстауда Каспий жағасынан 12 итбалық өлексесі табылды

а
Фото: из открытых источников

25 сәуірде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында 12 өлі итбалық табылды. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Өліктерді Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауында жүргізген мониторингі кезінде анықтады.

Айта кетейік, 29 наурыздан бері барлығы 182 итбалық өлексесі табылды, оның ішінде 79-ы 23-25 ​​сәуір аралығында өлген.

«Табылған өлі итбалықтардың өлекселері қатты ыдыраған күйде болған, бұл олардың өлуінің бір мезгілде қысқы кезеңде болғанын және осы уақыт ішінде өлекселер суда болғанын көрсетеді. Олар 23 сәуірде басталып, күні бүгінге дейін жалғасып жатқан батыстан соққан дауылды желдің салдарынан жағаға шықты», - деп хабарлайды балық инспекциясы басқармасы.

Гидробиология және экология институтының қызметкерлері зертханалық зерттеу үшін өлген жануарлардан ұлпа үлгілерін алды.

Фото: Lada.kz

Тегтер: