Маңызды мәселелер көтерілді
«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Б. Соқпақбаев және Т.Жанұзақов атындағы орта мектептерде жарасымды жалғасын тапты.
Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Кандидаттар арасында түрлі сала мамандары саяси науқанның маңыздылығының жоғары екендігін тұрғындардың естеріне тағы бір мәрте сала кетті. Жиынды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнара Арипова жүргізіп отырды. Кездесуде тұрғындарды алаңдатқан біраз мәселелер көтеріліп, ойға өзек болар тұшымды жауаптар алынды. Қазіргі таңдағы аудандағы бірқатар салалардың жұмыстары ақсап тұр. Оның үстіне өткен жылғы індет жығылған үстіне жұдырық болғандай әсер қалдырды. Сол себепті аталған партия кеткен кемшіліктердің қалпына келуіне, аяқтан тұруына көмек-қолын созатынымызға сенім білдіреміз деген ойларын баса айтты. Ауданға өнеркәсіп ошағын салып, алдағы уақытта сол салаға инвестор тартуымыз керек және де табиғаты әсем таулы өлкемізде туризмді барынша дамытуымыз керек,- делінді. Кандидаттар өз сөздерінде «Аудан халқының игілігі үшін келер жылда аудан орталығы Нарынқол ауылынан поликлиника салуға, сонымен қатар аудан бойынша 6 өрт сөндіру бекетінің жұмыстарына көмек көрсетуіміз керек»- деді. Аталмыш партияның құрылғанына биыл 21 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында ауыз толтыра айтарлықтай жұмыстар атқарды. Көмек қажет еткен азаматтарға тиісінше уақытында көмек қолымызды соза білді. Пандемия уақытында елімізде төтенше жағдай енгізіліп, аталған партияның ұйытқы болуымен «Biz birgemiz» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға тұрмысқа қажетті заттармен азық-түлік өнімдерін таратқандығын халық ұмыта қойған жоқ. Бүгінгі таңда депутат сөзі қаншалықты маңызға ие. Оның атқаратын міндеті мен бақылау функциясы талапқа сай жүзеге асырылып жатыр ма? Осы сынды сұрақтар жиын барысында өрнек тапты. Қуанышымызға орай ауданның бөлініп өз алдына шаңырақ көтеруі сонымен қатар, күре жолдың бойында орналасқан Сарыжаз ауылындағы қазіргі заман талабына сай білім шаңырағының салынуына аудандағы халық қалаулыларының істеген еңбектерінің ірі жемісі деп білемін, — деді Г.Рауанқызы өз сөзінде. Сонымен қатар, барша аудан жұртын алда келер саяси науқанда белсенділік танытып, ел болашағы үшін таңдау жасауға шақырды.