Мақтаарал ауданында тағы да 3 ауылды су басу қаупі сейілмей тұр
Бүгін Мақтааралауданындағы Жаңажол ауыл округіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39«Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды.
Сонымен қатар, су ішкі каналдар арқылы трассының келесібетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достықауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарын жайылуда. Осығанорай Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағыуақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеді.

Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі тұрғындарға үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, құжаттар мен жылы киім және керекті заттарынәзірлеп, эвакуацияға дайын болуды ескертті.