Өңір

Мақтааралда мал өлекселері өртеліп жатыр

Мақтаарал ауданында тасқын судың астындақалған мал өлексесі сыртқа шығарылып, арнайы пеште өртелуде.

Мақтааралда мал өлекселері өртеліп жатыр

Зиянды қалдықтарды1200 градус температуда өртейтін пеш Нұр-Сұлтан қаласынан алдырылған.

Бүгінгі күнге дейін су астында қалған ауылдардан 908 бас үй жануарларыныңөлексесі шығарылды. Олардың ішінде 856 ұсақ мал, 39 ірі қара, 7 жылқы, 6 түйебар.Өлген малдан тазартылған аумақтарды жағымсыз иіс пен зиянды қалдықтардан арылтуүшін 219 тонна арнайы дәрі себу арқылы залалсыздандыру жүргізіледі. Қазіргітаңда ол дәрілердің 100 тоннасы жеткізілді. Ауа-райы қолайсыздық тудырмаса 5күн ішінде 4 миллион 188 мың шаршы метр аумақты дәрілеу жұмыстары жүргізіліпбітеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысы Ауыл шаруашылығыбасқармасының ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы ТағаевАрман мәлімдеді.Дегенмен, су астынан шыққан мал өліктерінің көпшілігі Өзбекстан Республикасынатиесілі болғандықтан оларға арнайы мал ауруларына арналған вакцина егілгеніжөнінде мәлімет жоқ. Сондықтан, ондағы мал өліктерін жеп, ауру тарату қаупітуындап, сол аймақтағы иттердің де көзін жою жұмыстары егелеріне ескерту арқылыжүріп жатыр.Сонымен қатар, топан сумен бірге ағып келген балықтардың да сынамалары алынып,балық инспекциясы лабороториялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зерттеунәтижелері анықталғанша балық аулауға рұқсат берілмейді.Бұл жұмыстардың барлығына арнайы техникалар жұмылдырылған.Атап өтейік, ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Сібір жарасыныңошақтары тіркелмеген.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз