Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:45, 06 Желтоқсан 2023

Марафоншы Жыланбаевтың ісі саяси тапсырыс па : жақтастары не дейді?

сот
Фото: из открытых источников

5 желтоқсан күні «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясының өкілдері мен Мейіржан Досқараев баспасөз мәслихатын өткізді. Белсенділер Жыланбаевқа шыққан үкіммен келіспейтінін айтып, бұл іске саяси тапсырыс деп атау берді, деп жазды Zhasalash.kz.

Бүгінде марафоншының денсаулығы денсаулығы күрт нашарлап, тергеу изоляторының медициналық бөліміне жатқызылғаны белгілі болды. Жалпы белсендінің ісі бойынша Жыланбаевқа Бибигүл Иманғалиева мен Жанар Сәрсеноваға ақша аударғаны үшін айып тағылды. Сот отырысы жабық режимде өтті. 

Еске саламыз, марафоншыға "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу", "экстремистік ұйымды қаржыландыру" баптары бойынша айып тағылды. Іс бойынша сот отырысы жабық режимде өтті. Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты" және "экстремизмді қаржыландырды" деп айыпталған "Алға, Қазақстан" тіркелмеген партиясының жетекшісі, белсенді Марат Жыланбаевты 7 жылға бас бостандығынан айырды.