Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:16, 09 Шілде 2024

Маржықпаев спортшылардың Олимпиадаға дайындығы туралы президентке есеп берді

а
Фото: Ақорда

Президент Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады.

Ақорда ақпаратынша, Ермек Маржықпаев ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген. Сондай-ақ, лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады:

– төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;

– Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

Сонымен қатар, ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтып, спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берген.

Президент Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін айтып, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екенін айтқан.