Саясат

Маска киген адамдар: Әблязов КНБ-ға жұмыс жасайды (видео)

Оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ ҰҚК-де қызмететеді. Желіде беттерін тұмшалап алған қара киімді адамдар осындай мәлімдемежасады.

Маска киген адамдар: Әблязов КНБ-ға жұмыс жасайды (видео)

Олардың сөзінен аңғарғанымыз бұл белсенділер Қазақстандатыйым салынған ҚДТ (ДВК) қозғалысының мүшелері сынды.

«Әблязов ендісен ДВК-ның көшбасшысы емессің. Халық көшбасшысын өзін таңдауы керек. Егерсенде қазақи рух, қазақи намыс қалған болса, таңдауды қазақтардың өзіне қалдыр.Біз ДВК жетекшісіне Нұрсұлтандық жүйеде қызмет етпеген тәуелсіз жастардыңкелгенін қалаймыз. Әблязов бізді қой сияқты басқарып өзінің мақсатынапайдаланып келеді. ДВК белсенділері бұған қарсымыз», — дейді беттерітұмшаланғандардың бірі.

Былтыр 2018 жылы экстремистік ұйым деп танылған ДВК (ҚазақстанДемократиялық таңдауы) 2001 жылдың қараша айында құрылған еді. Оныңкөшбасшылары Мұхтар ӘБЛЯЗОВ пен Ғалымжан ЖАҚИЯНОВ болатын. Бұл қозғалысқа солкездегі вице-примьер Ораз ЖАНДОСОВ,  еңбек және әлеуметтік қорғау министрі ӘлиханБӘЙМЕНОВ, қорғаныс вице-министрі Жанат ЕРТІЛЕСОВА,қаржы вице-министрі ҚайратКЕЛІМБЕТОВ, банкир Нұржан СУХАНБЕРДИН, депутаттар Төлен ТОҚТАСЫНОВ, СерікболсынӘБДІЛДИН, Зәуреш БАТАЛОВА, Болат ӘБІЛОВ кірді. Айтпақшы, Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢқұдасы, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік ИМАШЕВ та осы қозғалыстыңмүшесі болған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз