Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:04, 20 Наурыз 2024

Мәсімов жазасын шын өтеп жатыр ма?

түрме
Фото: из открытых источников

Бүгін Мәжіліс кулуарында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов журналистердің ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сұрағына жауап берді.

Журналистер министрден Мәсімовтың кейбір іс-шараларда жүрген фотосы пайда болғанын, оның қамауда екенін дәлелдейтін бірде-бір фото, видео жоқ екенін сұрады.

Ол сотталған, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Колонияға кірудің өз рәсімі бар. Жазасын өтеп жатқан адамың барлығын көрсете алмаймыз, - деп қысқа қайырды министр.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынып, мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша кінәлі деп танылған. 18 жылға бас бостандығынан айырылған Мәсімов өмір бойы мемлекеттік қызмет істеу құқынан айырылған.

Фото: ru.sputnik.kz