Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:20, 15 Тамыз 2024

Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына алаяқтық бойынша айып тағылып, іздеу жарияланды

а
Фото: Liter.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов туралы ақпарат берген адамға сыйақы берілетінін айтты.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеуде: Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы, Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау», Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі, делінген хабарламада.

Агенттік Қапеновтың орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұрайды:

кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, 

ұялы телефон 8-708-908-92-79,

немесе kb.vko@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазуға болады.