Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:47, 27 Мамыр 2024

Мәсімовтің ісі Жоғарғы сотқа әлі жетпеген

у
Фото: из открытых источников

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі Жоғарғы сотқа әлі жетпеген. Бұл туралы ведомствоның Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында айтылған.  

Жоғарғы сотқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі кассациялық тәртіппен түспеді және өндірісте жоқ, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мәсімовқа Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.  Бас прокурор Берік Асылов, оқиға кезінде Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орнын тастап кеткенін айтқан.

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан 6 қаңтарда босатылып, 8 қаңтар күнгі тұтқынға алынды және тергеу изоляторына қамалды.

Фото: ru.sputnik.kz