Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:35, 05 Ақпан 2024

Майқайыңдағы апат: іздестіру жұмысы тоқтатылды

Майқайың
Фото: из открытых источников

Павлодар облысы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында опырылған шұңқырға құлаған автобустағы адамдарды іздестіру жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлады Zhasalash.kz.

GRP-RIDDER-GROUP компаниясы жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Топырақтың астында қуыстар пайда болған. Бұл тау жынысының құлау қаупі өте жоғары екенін көрсетеді. Бұл учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмысын жүргізу барлық қатысушыға өте жоғары қауіп төндіреді.

Апатты жою басшысының орынбасары – КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылар мен экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты, жүргізіліп жатқан жұмысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты «Майқайыңалтын» АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылады.

Қазір Павлодар облысы ТЖД-ның барлық күші мен құралы жұмыс жүргізіліп жатқан жерде.

Еске сала кетейік, бұған дейін автобустағы адамдарды әрі қарай іздестіру мәселесін арнайы комиссияның қарайтыны хабарланған болатын.