Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:43, 07 Ақпан 2024

Майқайыңдағы апат: жоғалған құтқарушының әйелі үндеу жолдады

майқайың
Фото: из открытых источников

Майқайыңдағы апаттан табылмай жатқан құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі әлеуметтік желіде тағы да үндеу жолдады, - деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Нұрсұлу Шаймерденнің айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген бір ай ішінде «Майқайыңалтын» кәсіпорнының білікті мамандары тартылмаған. Олар жер жағдайын жақсы білер еді дейді. Тек, жекеменшік құтқару қызметтеріне жүгінген. Ол осы уақытқа дейін тек автобусты іздегендеріне айран асыр.

«Бәлкім алғашқы күні денесі табылған екі құтқарушы секілді мына екеуінің де денесі шұңқырдың бір бұрышында топырақ астында жатқан шығар. Біз солай екеніне сенімдіміз. Темір-терсек автобусты іздеп қайтеді. Одан да адамдарды іздесін. Әлбетте, іздестіру кезінде басқа құтқарушыларға төнген қауіптің бар екенін түсінеміз. Алайда, осылай орта жолда қалдыру адамгершілікке жатпайды ғой. Жұмыстарды тоқтатуға болмайды. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жалғастыру қажет деп есептеймін», - деп күйінеді құтқаршының әйелі.