Әлеумет

Ресейдің соғыста 352 мың сарбазы қаза тапқаны анықталды

Медиазона мен BBC-дің Орыс қызметі жүргізген зерттеуге сәйкес, 2026 жылғы 9 мамырға дейін Украинадағы соғыста қаза тапқан кемінде 217 808 ресейлік әскери қызметкердің аты-жөні анықталған.

ресей сарбаздары

Зерттеу авторлары нақты шығын бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады. «Медиазона» мен Медуза мұрагерлік істер реестріне сүйене отырып жасаған бағалау бойынша, 2025 жылдың соңына қарай Ресейдің соғыстағы нақты адам шығыны шамамен 352 мың адамға жеткен.

Оның ішінде:

  • 261 мың адам – ресми түрде тіркелген қаза тапқандар;
  • шамамен 90 мың адам – мәйіті табылмаған немесе өлімі бірнеше айдан кейін ғана сот арқылы рәсімделген әскери қызметкерлер.

Зерттеушілердің айтуынша, 2024 жылдан бастап соттарда “із-түзсіз жоғалды” немесе “қаза тапты” деп тану туралы істер күрт көбейген. Бұл соғыста қаза тапқан, бірақ мәйіті ұзақ уақыт табылмаған сарбаздар саны артқанын көрсетеді.

Мәліметке сәйкес, соғыс барысында ең көп шығынды еріктілер, мотожаяу әскер, мобилизацияланғандар мен бұрынғы сотталғандардан құралған бөлімдер көтерген.

Сонымен қатар, зерттеу барысында Ресей армиясы мен күштік құрылымдарының кемінде 7 095 офицерінің қаза тапқаны анықталған. Оның ішінде 15 генералдың өлімі ресми түрде расталған.

«Медиазона» бұл деректер тек ашық ақпарат көздері мен ресми тіркелген мәліметтерге негізделгенін, сондықтан нақты шығын бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз