Қоғам

Медициналық қызметпен лицензиясыз айналысқан елордалық 5,8 млн моральдық шығын төледі

Cоттың үкімімен елорда тұрғыны медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, денсаулыққа зиян келтіргені үшін сотталды.

а

Ол тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізіп, нәтижесінде жәбірленушінің денесінде қабыну процесі орын алып, оған медициналық көмек қажет еткен, делінген хабарламада.

Кінәлі тұлғаға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді. 

Тегтер: ота
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз