Аймақ

Мегаполисте арендалық пәтерлер берілді

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов 10 айда атқарылған жұмыстарының есебін баяндады.

Мегаполисте арендалық пәтерлер берілді

Басқарма басшысының айтуынша, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны – 40 752 азамат.

Жыл басынан бері тұрғын үй кезегіне құжат тапсырғандар – 11280. Кезекке тіркелгендері – 4530.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында арендалық тұрғын үй бағыты бойынша 1596 пәтер берілді. Оның ішінде Ұлы отан соғысы ардагерлері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ өкілдері және  жұмыс істейтін жастар бар. Сондай-ақ, азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары орындалды. 2020 жылы тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар (отбасы мүшелерімен бірге) бойынша 118 678 өңдеулер (корректировка) жүргізіліп, иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елдімекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу себептерімен 4456 азамат тұрғын үй алу тізімінен шығарылды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз