Өңір

Мектептердің халі мүшкіл

Ақын, педагогМағжан Жұмабаев «Алты Алаштың баласы басқосса, төр – мұғалімдікі» деген екен.

Мектептердің халі  мүшкіл

Сол төрге шығарған ұстаздарымыздың  еңбек етіп жүрген мектебі қандай? Білімордаларын заман талабына сай жабдықтау,   кәсіби шеберлігі мықты мамандармен қамтамасызету, ғылыми-әдістемелік тәжірибені үйрену алға қойған ең маңызды іс болып тұр.

    Жаңа реформаныңбасты мақсаты – жаңашыл шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымыжоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға дайындау. Алайда қазір кейбірмектептердің жай-күйін көргенде жаның күйзеледі. Мәселен, Қазалы ауданындағыразъездердегі мектептердің жағдайы өте  аянышты. Жалаңтөс ауылындағы №103 орта мектеп,Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты бастауыш сынып мектептері  туралы не айтарыңды білмейсің. Айналдырған екібөлме, кіреберісте  шаң басқан екі партатұр. Екі мұғалім кезек-кезек сабақ беретін көрінеді. Бірақ анандай шаң басқанекі парта мен еденді сүртіп қоюға болмас па еді?! Көрнекі құрал, компьютердіңбұл мектептен қарасы көрінбейді. Менің тілші екенімді білген мұғалімдермектепке кіргізбей қойды. Ақырында №103 қазақ орта мектебінің директоры АсылбекНұрадиновқа телефон соғып жатып, шаң басқан мектепке  әрең кірдік.

   Бұдан соң «Ойынды» разъезіндегі мектепке атбасын тіредік. Теміржол бойындағы қоқыстан аяқ алып жүре алмайсыз. Ауылдыңсанитарлық жағдайы сын көтермейді. Жалаңтөс ауылдық әкімдігіне қарасты аумақтыңпроблемасы бастан асады. Тұрғындар әкімнің тек жылына бір рет, атап айтқандажиналыс болатын кезде ғана, келетінін айтты. Мұғалімдердің амалсыз жүргенікөрініп тұр. 

    Ал «Көбек» разъезіндегі білімордасының  «шықпа, жаным, шықпа» дептұрған жайы бар. Жаңбыр жауса төбесінен су ағады екен. Мұғалім мен еден жуушы  жауырды жаба тоқып күн көріп жүрген жайы бар. Мектептіңқыста суық болатынын, балалардың тоңатынын жасырмады. Бұл мектеп те АсылбекНұрадиновтің иелігінде.  Ол Жалаңтөсауылына аудан орталығынан қатынап жұмыс істейді.  Мұнда неге көшіп келмейтіні түсініксіз.  Кеш келіп, ерте кететін  мектеп директорларының керегі не? Ұстаз ұлағаттыболса ғана ұрпақтың бағына айналады. Ал оның ұшқыны да көрінбесе бағы емес,сорына айналар.                                                                                                                                                           

МиуаБАЙНАЗАРОВА

  Қызылорда облысы  
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз