Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қояды
Тоқаев жаңа Конституциядан кейін Құрылтай сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қояды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, осы кезеңде бірқатар маңызды құжаттарға да қол қою жоспарланып отыр.
Бұған дейін бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді деген ақпарат жарияланған болатын.