Мемлекеттік тіл мәселесі: Тоқетері айтылды. Үкімет неге үнсіз?
Не деген жалтақелміз, мемлекет басшысы: «Келешекте шын мәнінде ұлтаралық қатынас тілінеайналуы тиіс қазақ тілін жылдам дамытуымыз қажет», – деп баспасөзге берген сұхбатындатайға таңба басқандай кесіп айтса да, селт еткен ешкім жоқ.
Көзі көрмес соқыр, құлағы естімес саңыраудың күйін кешудеміз. Басқа елде болса үкімет дереу ана тілін дамыту жөніндегікешенді бағдарлама дайындап іске кірісіп кетуші еді, бірақ біздің шенділер солбаяғы самарқау қалпында түк болмағандай басқа елдің мемлекеттік тілінде шүлдірлеуінжалғастыруда. Тіпті осы тілге бөлінген миллиардтардың қайда кеткені, кімдердің қалтасына құйылғаны да белгісіз. Қазір өзжеріміздегі үлесіміз 77 пайыздан асты.Осындай оңтайлы сәтті пайдаланбасақ, 2025 жылға қарай ел тұрғындарының 95пайызының мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне қалай қол жеткізбекпіз?
Қазір еліміздемемлекеттік қызметшілердің басым көпшілігі теріскейдегі көршіміздің тілінде шүлдірлейтініешкімге жасырын емес. Ол – ол ма, еліміздегі ең жоғарғы лауазымға, яғнипрезиденттікке үміткерлерден мемлекеттік тілді білу бойынша емтихан қабылдайтынбіз қатардағы қызметшілерден оны талап етпейміз. Ал мұның ақылға қонбайтын дүниеекені айтпаса да түсінікті болар. Өйткені халықпен қоян-қолтық жұмыс істейтінсол қатардағы қызметшілер емес пе?! Халықтың басым көпшілігі сөйлейтін тілдібілмейтін олар елмен қалай жұмыс істемек?! Мемлекет басшысының «халыққа құлақасатын мемлекет құру» бағдарламасын қалай жүзеге асырмақ?!
Осы тектес сұрақтар бастан асады, бірақ оғанжауап іздеп, бас қатырған шендіні көрсек көзіміз шықсын. Дегенмен жыл санап қазақтілді жастардың саныартып келеді. Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, ертең олардың «орыстілін жетік білмейсің» деген желеумен жұмыссыз қалмасына кім кепіл?! Сондықтанбатыл қимылдайтын кез туды. Атап айтқанда, Конституциямыздағы 7-баптың күшінжойып, Қазақстанды өзінің Отаны ретінде қабылдайтын барлық азаматтардыңмемлекеттік тілді білуін талап етуіміз қажет. Мемлекеттік тілді білмейтіназаматтың мемлекеттік қызметші болуға лайық емес екені аксиомаға айналуы тиіс. Әйтпесеқазіргі таңда мемлекеттік қызметтегі «жылы орындарға» ана тілінде екі сөздіңбасын қоса алмайтын кілең дүмшелер жайғасып алған. Ал олардың мемлекетіміздің ұлттықидеологиясын жүзеге асыруға қауқарсыз екені айтпаса да түсінікті. Сондықтанмемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді білмейтін қызметшіге орын болмайтын қағиданықалыптастырған жөн.
Еліміздің мемлекеттік тілі болып табылатын анатілімізді дамытудың тағы бір маңызды бағыты – тілдік модернизация. Атам қазақ«Елу жылда ел жаңа» дейді. Сондықтан қазақ тілін заман талабына сай бейімдеугетиіспіз. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар «қазақ тілі техниканың тілі емес» деп,орыс тілін пайдаланатынын ақтап алуға тырысады. Алайда қай тілді жаратылысынантехниканың тілі деуге болады? Әлемдегі тілдердің барлығы бірдей жаралған, тек әрхалықтың даму деңгейі әртүрлі. Сондықтан кейбір мемлекеттер жақсы дамып, олардыңмемлекеттік тілдері оқ бойы алға шықса, кейбіреулері кенжелеп қалған. ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік тілі болып табылатын ана тіліміз – қазақ тілі көшсоңында қалып қоймауы үшін бізге оны жеделдетіп дамытып, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардыбіріктіретін ортақ тілге айналдыруымыз қажет.
Осы орайда,атап айтар нәрсе, біз техника саласындағы терминдерді жатсынбауымыз керек. Мәселен,орыс тілі ондай сөздерді жатсынбай «жұтып» қояды да, күнделікті өмірде ештеңеденқымсынбай пайдалана береді. Бұл жерде еліміздің терминология комитетіне артыларжүктің жеңіл емес екені айдан анық. Тіл саласындағы аталмыш құзырлы органтілімізге еніп жатқан жаңа сөздерді, терминдерді бекітіп отыруға тиіс. Әйтпесесоңғы жылдары елімізде түрлі баспалардан шыққан сөздіктерден көз сүрінеді. Өкініштісі,осындай немқұрайдылықтың салдарынан кейбір шеттілдік сөздердің қазақ тіліндегі адамныңашу-ызасын тудыратын баламалары пайда болды. Мәселен, балкон – қылтима, банан –аспан татақ деген аудармалар пайда болды. Ал аэропорт деген сөздің ана тіліне аударылған нұсқасы кейбір орыс ағайындарымыздың«не, кет дегенді меңзеп тұрсыңдар ма» деп мысқылдауына негіз берді. Әлемніңбарлық тіліндегі аэропорт тек қазақ тіліне ғана аударылған шығар.
Қорыта айтқанда,тілімізді әлемнен оқшаулауға болмайды, тіл басқа тілдерден сөз қабылдау арқылыбайиды. Алайда қазір сол басқа тілден енген сөздерге, Алаш арыстарының бірі айтқандай,қазақтың тымағы мен шапан-шекпенін кигізудің қажеті жоқ. Ол сөздер өзтранскрипциясын сақтауы керек, бұл – заман талабы. Өйткені қазіргідей жаһанданузаманында адамзат көшінің соңында қалу елдігімізге сын болады. Сондықтан барлықкүш-жігерімізді ана тілімізді жедел дамытуға жұмсап, оны шынайы мемлекеттік тілмәртебесіне көтеру қажет. Бұл – біздің келер ұрпақ алдындағы парызымыз.
Қайрат Матреков