Мемлекеттік тіл тәрк етілген күн
Ел президентініңтөтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтқан сөзі неге мемлекеттік тілдетаратылмады?
Дүйсенбі күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтеншежағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар жайттардымәлімдеп, халыққа ауадай қажетті дүниелер туралы тілге тиек етті.Мәселен, мемлекет басшысы қазақстандықтарға төтенше жағдайкезінде жәрдемақы төлеуді тапсырды.Алдынала есептеулерге сәйкес, қазіргі таңда 500 мыңға жуық қала тұрғынының қаржылықжағдайы қолдауға мұқтаж.«Сондықтантөтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға еңтөменгі еңбекақы – 42 500 теңге мөлшерінде ай сайынғы төлемдерді жүзеге асырудытапсырамын. Бұл көмекті 1,5 миллион отандасымыз ала алады. Қажет болғанжағдайда біз соманы ұлғайтуға, қолдау түрлерін кеңейтуге қажетті барлықрезервтерге иеміз», – деді президент. Сонымен қатар мемлекет басшысы қатаң санкцияларғакөшу қажеттігі туралы сөз қозғады. «Қатаңжазалау қажет. Сондай-ақ тәртіп бұзу фактілерін бұқаралық ақпарат құралдарындакеңінен жариялау керек», – деді ол.
Сондай-ақ президент министрлер мен әкімдердібосаңсымай, жаңаша жұмыс істеуге, қажет болған жағдайда ширақ қимылдап, батылшешімдер қабылдауға шақырды.
Хош, мұның барлығы карантинге қамалғанеліміздің екі бас қаласының тұрғындары мен төтенше жағдайды басынан өткеріпотырған ел халқына ауадай қажет ақпарат екені бесенеден белгілі. Бірақ осындайөзекті ақпараттың еліміздің мемлекеттік тілінде емес, ресми, яғни орыс тілінде таратылғанынадеген өкініштен өзегің өртенеді. Сонда мемлекет басшысының аузынан шыққан алтыауыз ақпаратты ана тілімізде таратуға бүкіл мемлекеттік басқару машинасыныңқауқарсыз болғаны ма, әлде бұл кейбір лауазымды тұлғалардың жауапсыздығы ма?Бұл елдігімізге, қала берді, мемлекеттігімізге сын емес пе?! Басқа – басқа, президенттіңмаңайындағы ұлттың, ана тіліміздің жанашырлары не қарап отыр? Ел басына күн туған сын сағатта ана тілінде айтылған жылы лебізжүдеп отырған халыққа медет берері анық қой.
Бұл ақпарат бірінші кезекте қалың қазаққақажет. Қазіргі таңда елдегі халықтың 75-80 пайызы өзіміздің қаракөзбауырларымыз. Уақытша жұмысынан айырылып, табысынан қағылғандар да солар. Олардыңбарлығы бірдей орысшаға жетік емес, бірін түсінсе, екіншісін білмей жатады.
Ал Ақорда сайтында жарияланған мемлекетбасшысының сөзінің басы мен соңы, яғни халықпен амандасуы мен қоштасуы ғанамемлекеттік тілде, қалғаны ресми тілде баяндалған. Сонда қалың қазақ президенттің төтенше жағдай жөніндегімемлекеттік комиссияның отырысында не айтқанын қайдан білмек? Әрине, халық мемлекет басшысының мемлекеттік тілдідамытуға деген ұмтылысын көріп отыр. Дегенмен осындай келеңсіздіктер көңілгекірбің ұялатып, мемлекет басшысының абыройына нұқсан келтіреді. Сондықтан президенттөңірегіндегілер «басшыға қосшысы сай болу керек» деген қағиданы естеншығармауы керек сияқты.
Қайрат Матрекеев