Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:49, 15 Мамыр 2024

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды

р
Фото: из открытых источников

Мәжіліс жаңа редакциядағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Оған сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуы қоғамдық бақылауға алынады.

Жаңа заңға сәйкес, әсіресе, құрылысқа байланысты жұмыстарға қоғамдық мониторинг институты енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу (goszakup.gov.kz) веб-порталына жұмыстарды орындау кестелерін, шарттардың орындалуы бойынша есептерді (оның ішінде фото және бейне жазба) жалпы қолжетімді етіп жариялау ұсынылады, делінген хабарламада.

Мониторинг «Қоғамдық бақылау туралы» заңда көзделген тетіктерге сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқартылатыны айтылды.

Қазіргі уақытта конкурсқа қатысуға бір өтінім түсіп немесе бірнеше өтінімді қарау нәтижесінде бір әлеуетті өнім беруші конкурсқа жіберілген жағдайда сатып алулар өтпеді деп танылады. Осыған байланысты тапсырыс беруші қайталап байқау өткізеді. Жаңа редакцияға сәйкес конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған және ол біліктілік талаптарына сәйкес деп танылған жағдайда, мұндай сатып алу өткізілді деп саналады. Тапсырыс берушіге сатып алу процедурасын қайталау қажет болмайтындықтан, бұл уақытты айтарлықтай үнемдеп, процесті жеңілдетеді. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсімінің жалпы ұзақтығы 1 айға дейін қысқарады, деп хабарлады Мәжіліс.

Фото: pixabay