Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:19, 23 Қараша 2023

«Қазір бабымдамын»: Жәнібек Әлімханұлы Джермалл Чарлоға жауап берді

жекпе-жек
Фото: из открытых источников

25 қараша күні Джермалл Чарло Лас-Вегаста отандасы Хосе Бенависке (кішісі) (28-2-1, 19 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте ешқандай чемпиондық атақ сарапқа салынбайды.

Орта салмақта WBC чемпиондық атағына ие Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 11 КО) жұдырықтасқысы келетіні жайлы айтқан еді. Абсолютті чемпион атану үшін америкалық Джермалл кез келген боксшымен кездесуге дайын екендігін айтқан. Жәнібек Әлімханұлы да жауап ретінде нық қадам басатынын айтты. 

Чарломен жекпе-жек болса, Жәнібек оны жеңе алады ма деген сұрақ ешкімде болмайды! Көптің көкейінде тек “Чарлоны Qazaq style қай раундта қандай соққымен құлатады екен?” деген сұрақ қана болады! Мен қазір өз биігімдемін! Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді! Ірі сөз, ipi ic!, – деп жазды боксшы әлеуметтік желісіне.