Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:40, 05 Қыркүйек 2024

Мейрамханаларда қызмет көрсету үшін алынатын 10 пайыздық төлем жойылуы мүмкін

в
Фото: ашық дереккөз

Мейрамханалардағы қызмет көрсету үшін алынатын 10 пайыздық төлемді жою мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.

Біз қазір ішкі саудаға қатысты өзгертулерді дайындап жатырмыз. Қызмет көрсету шарты жазылған құжат бар. Ал менің жеке ұстанымым - қазіргі таңда сол ережені өзгертуді жоспарлап отырмыз. Біз егер сізге қызмет көрсетіліп жатса, ешқандай қосымша ақы алынбауы керек деп есептейміз. Әрине барлық кәсіп иесі мұндай өзгерісті қолдауға дайын деп айта алмаймыз. Бірақ осындай өзгерістер болуы мүмкін. Ол шайпұл, депозиттерге қатысты, - деді министр.

Министр мейрамханалардың алдын ала депозит сұрауы заңды екенін айтады.

Шаққалиевтің сөзінше, мейрамханалар клиенттеріне алдын ала қосымша төлем барын ескертуі керек.