12:03, 30 Наурыз 2025
Михаил Шайдоров әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.
Бұл оның әлемдік деңгейдегі алғашқы жүлдесі емес. Шайдоров чемпионаттың қысқа бағдарламасы бойынша үшінші орын алған болатын, ал жалпы есепте 287,47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты.
Алтын медальды америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин иеленді, ол 318,56 ұпай жинады. Ал жапондық Юма Кагияма 278,19 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.
Бұл 20 жастағы Алматы тумасы үшін үлкен жетістік, себебі ол әлем чемпионатында күміс медальды иеленген Қазақстан тарихындағы үшінші спортшы атанды. Бұған дейін әлем чемпионатында күміс медаль алғандар қатарында Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева бар.