Министр 6 миллиардттық жобаны тоқтатты
Ақтөбеде гидрологиялықжұмыстарға байланысты туындаған мәселені шешемін деп келген экология министріМағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ құны алты млрд жетжүз мың теңге тұратын жобаны уақытша тоқтатты.
Өңірге президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢтапсырмасымен келген министр бүгін қала айналасындағы сегіз өзеннің тазарту,кеңейту жұмыстарын өз көзімен көріп, журналистерге пресс тур ұйымдастырды. Алайдабиліктің бұл жобасына о бастан қарсы шыққан ақтөбеліктер бүгін де министрдіңалдына жиналып, тазарту жұмыстарынан кейін өзендердің тартылып, балшыққаайналып жатқанын айтты.
«Қала маңындағы сегіз өзеннің арнасын тазартамыз дегенбилік керісінше экологияға залал келтіріп жатыр. Өзен арналары тартылғанысоншалық биыл еккен бау бақшамызды да суғаратын су таппай отырмыз. Өзенарналарын кеңейтіп, тазартамыз деген билік су астындағы бұлақтардың көзінбітеп, жағалаудағы ағаштарды аяусыз отап жатыр. Біз бұл жұмыстарды тоқтатудысұраймыз», — деді жиналған қалатұрғындары.
Тұрғындар әкімдіктегілер министр келеді деп құрғапжатқан Қарғалы өзеніне уақытша су жібергендерін де айтады.
Осыдан тураекі жыл бұрын болған су тасқынынан кейін Ақтөбенің билігі қала айналасында ағыпжатқан сегіз өзеннің арнасынкеңейтіп, табанын тазалау туралы шешімқабылдаған болатын. Жоба бойынша 180 шақырымөзен тереңдетіліп, жағасы бекітілмек. Жобаға «Жол картасы» бойынша республикалық бюджеттен алты миллиард жетіжүз мың теңге бөлінген еді. Жоба Ақтөбе облысының экс-әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ кезіндемақұлданып, өзен арналарын тазарту жұмыстары да Сапарбаев облысқа басшы болыптұрған кезде басталған болатын.
Алайда тұрғындардыңнаразылығын тудырған жобаның жұмыстары әлі де жеті тексерілетін болады дедіминистр. Қазір сол үшін арнайы жұмыстобы да құрылыпты. Жобада кеткен кемшіліктерді тексеріп анықтау үшін кеміндеекі апта немесе бір ай уақыт керек деп отыр.
«Біріншіден мен Ақтөбеге президенттің тапсырмасыменкелдім. Арнайы топ құрылды. Бірнеше обьектілерді аралап, халықпен кездестім.Жұмыстармен таныстым. Бір пікірге келдім. Негізі атқарылып жатқан жұмыс керек.2017 жылы су тасқыны болғанда жүздеген үйлер су астында қалды. Сол қайталанбасүшін осы жұмыстар керек. Дегенмен халықты наразалығы да бар. Жасыратынын жоқ Ақтөбе шөлейтті өңір,сондықтан осы жауаптарға бір арнайы топ құруымыз керек. Оған жергілікті азаматтар да тартылсын.Әрине, жұмыстарды тоқтату мәселесі қиын. Кем дегенде бәрін тексеру үшін екіапта, бір ай уақыт керек», — деді Экология, геология және табиға ресурстарминистрі Мағзұм Мырзағалиев.
Министр мемлекетбасшысы Ақтөбе өңіріндегі бұдан басқа да проблемаларды жақсы білетінін айтты. Сол үшін Алға химиялықзауыты, канализация, қаладағы жағымсыз иіс, көкжиде су кен орнындағы мәселелердіңбәрін тексереміз деді. Айтылған,естілген пікірлер жерде қалмайды деген министр арнайы жұмыс тобын құрып, экологиядепартаментіне нақты тапсырма беретінін жеткізді.
Алайдаминистр осы жобада қате жіберген жауаптылар қылмыстық жауапкершілікке тартылама деген журналистердің сұрағына нақты жауап қайтара алмады. Ал шенеунікке бар мұңдарын шаққан ақтөбеліктерастанадан әдейі келген министр Ақтөбенің мәселесін шешеді дегенге сенбей тарасты.
Естеріңіздеболса, осыдан бір екі күн бұрын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзініңТвиттер желісінде: «Ақтөбеде өзенарнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынаэкологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек» депжазып, Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке тапсырма берген болатын.
Фото: tengrinews.kz