Қоғам

Министр депутаттарды қоқыс тазалауға шақырды

Экология,геология және табиғи ресурстар министрі қоқыстар мен қалдықтарға қатыстыбастама көтерді.

Министр депутаттарды қоқыс тазалауға шақырды

МағзұмМЫРЗАҒАЛИЕВ 20-шілдеде елорда тұрғындарын Қоянды су қоймасын тазалауғашақырды.Бұл туралы министр өзінің твиттердегіпарақшасындажазған.

«Осыған орай, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жөнінде хабарлағымкеледi.20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастаймыз. Қоршаған ортаныңтазалығын қалайтын барлық азаматтарды,қоғам қайраткерлерін, үкімет мүшелері менэкология белсенділерін бірге қатысуға шақырамын!», - делінген министрдің жазбасында.

Мырзағалиевтіңайтуынша, жиын 20 шілдеде 8:00 бен 8:30 да Триатлон паркі тұрағынының жанында (кiру Момышұлы менҚошқарбаев қиылысынан) болады. Осы жерден акция орнына жету үшін арнайыавтобус, тамақ пен қажетті құралдар ұйымдастырылған.

Фотоны автор ұсынды. 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз