Министр Мұхамедиұлы кетіп барады
Мәдениет және спортминистрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ орнынан кетуі ықтимал. Бүгін мәжіліс мәдениетжәне спорт министрі қызметіне Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВАНЫҢ кандидатурасын мақұлдады.
Премьер-министр АсқарМАМИННІҢ тапсырмасы бойынша кандидатураны премьер-министр Кеңсесінің басшысыҒалымжан ҚОЙШЫБАЕВ таныстырды. Депутаттар Ақтоты РАХМЕТОЛЛАҚЫЗЫН қолдаған.
Мәдениет және спортминистрлігін 2014 жылдан бері Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ басқарып келді. Мәдениетминистрілігі тарихында аты ең көп шыққан министр осы – Мұхамедиұлы.
2016 жылы министрдібірнеше азамат жыныстық бопсалау мен жемқорлыққа қатысты айыптаған. Қазақстанхалық әртісі Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ түсірмек болған «Феникс» филімінің айналасындағыдау-дамайда да министрдің аты аталған еді.
Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысын жақсы біледі.Осы ведомстваның басшылығында вице-министр болып 2016 жылдан бері қызмет етіпкеледі.
Фото: brod.kz