Сараптама

Министрлік Интернет 2 аптаға өшетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді

Мессенджерлерде 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернеттің өшірілетіні туралы айтылған хабарлама таралып жатыр.

Министрлік Интернет 2 аптаға өшетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері пікір білдірді, — деп хабарлайды  Жас Алаш 

«Жаңа ғана дүкенге хабарлама әкелді. 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернет мүлдем болмайды деді. Кімде электрон касса болса, калькулятор, таразы қойыңыздар. Халыққа қолма-қол ақша алуды ескертіңіз», — дейді аудиодағы әйел.

Бұл хабарлама Павлодар облысында таралғаны белгілі болды. Жергілікті цифрлық технология департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл — жалған ақпарат. Мұны Цифрлық даму министрлігі өкілдері де растады.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы қалыпты жұмыс істеп тұр. Ресми және сенімді дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге және фейк таратпауға шақырамыз», — делінген хабарламада.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз