Мирзияев Түркістанда мешіт салдырып жатыр
Нағыз исламдық нақышқа малынған, сәулетіерекше Алла үйі өз-ағамдардың Түркістанға жасаған тартуы болмақ.
«Мұндай ерекшесыйлықты Өзбекстан Сардоба су қоймасындағы апаттан, соның салдарынан Түркістаноблысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су тасқынына ұшыратудан кейінжасап отыр ма?» деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Алайда облыстық әкімдіктің бергенмәліметіне қарағанда, мешіттің іргетасы былтыр қаланған. Қаланың кіреберісіндебой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысы ШавкатМирзияевтің қолдауымен салынып жатыр екен. Жуырда осы нысанның құрылысыменӨмірзақ Шөкеев арнайы барып танысты.
Аумағы 5 мың шаршы метрді құрайтын мешітте бірмезгілде 5 мыңнан астам жамағат намаз оқи алады. Сыртқы аумағы 3 мың адамғаарналған. Құрылыс жұмыстары заман талабына сай озық технологияларменжүргізілуде. Мешіт кешені бірнеше бөліктен тұрады. Атап айтқанда онда мұсылмандық жоралғы жасайтын орындар,конгресс-холл, неке сарайы, 180 орындық медресе, кітапхана, асхана, спорттықалаң, 500 орындық автотұрақ пен ғажайып субұрқақ салынады.
Бұл Түркістандашетелдіктердің есебінен пайдалануға берілген алғашқы мешіт емес. Осыдан бірнешежыл бұрын Түркия Түркістанда сәулеті ерекше, еңселі Алла үйін салып бергенболатын.
Соңғы кездеріоблыстың Өзбекстанмен арадағы қарым-қатынас тереңдеп келеді. Жуырда облыс әкіміШөкеев өзбекстандық бір топ кәсіпкерлерді қабылдап, өңірде ауыл шаруашылығытехникаларын құрастыру жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойды.Өзбекстанның «Узагротехсаноатхолдинг» мемлекеттік компаниясы қазақстандық«Orbis Kazakhstan» компаниясымен бірлесіп қолға алған жобаны «Turkistan»индустриалды аймағындағы «Brownfield» өндірістік алаңында жүзеге асыру жоспарланған.Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды. Жобанытолыққанды іске асқанда 100-ге жуық жұмыс орны ашылады. Инвесторлар кеңқолданысқа ие болатын ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыруды жоспарлауда. Мәселен,әмбебап трактор, мақта шаруашылығынаарналған трактор, олардың тіркемелері мен роторлы орақтар, су бүркужелдеткіштері, соқа және басқа да техникалар. Ал мұның алдында Мақтааралауданында су басқан егістіктерге қайта мақта егу жұмыстарына өзбекстандықтехникалар келіп, жәрдем берген еді.
Жалпы, Қазақстанмен Өзбекстан арасындағы іскерлік байланыстардың тереңдеуі бірінші кезекте«Мирзияевтің жылымығымен» байланысты сияқты. Кәрімовтың кезінде екі елдіңтомаға-тұйық ғұмыр кешкені жасырын емес. Бірақ екі ел арасындағы ауылшаруашылығы, кәсіперлік саладағы әріптестікпен бірге бәсекелестіктің деқалыптасып келе жатқаны рас. Қазақстан осы бәсекелестікке қаншалықты дайын?Мәселенің ең үлкені осында болса керек.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Түркістан облысы