Саясат

Митинг өткізу үшін адамдар енді әкімдіктерден рұқсат сұрамайды

Саясаттанушы Ерлан Саиров ҚРПрезиденті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысының кулуарындасаяси жүйе эволюциялық тұрғыда өзгеріп келе жатыр деуге барлық негіз бар екенінатап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kzтілшісі.

Митинг өткізу үшін адамдар енді әкімдіктерден рұқсат сұрамайды

«Біздің еліміздегі саяси реформаның басыбасталды деп айтуға болады. Парламенттік оппозиция жөнінде жаңа норма енеді.Бұл біздің еліміздің саяси ландшафтын өзгертетін үлкен шешім. Өйткені,Парламентті, сонымен қатар жергілікті мәслихаттарда балама ой, баламабағдарламаларға жол береді. Екінші өте үлкен шешім – митинг туралы жаңа заң.Қазақстанда еуропалық стандарттар енгізіледі. Митингтерді өткізу үшін бұрындарысияқты әкімдіктерден рұқсат сұралмайды. Митинг өткізушілер шара өтетін жердегімемлекеттік органдарға хабарлама беретін болады», — деді ол. 

Соныменқатар, ол адам құқығы жөнінде 130 және 174 бапқа өзгерістер енгізілетінінайтты. 

«Осы екі бап та өзгеріске ұшырайтын болады. Осымәселелердің барлығы саяси лиьберилезацияның жүзеге асырылып келе жатқаныныңкуәсі. Қылмыстықтан әкімшілік іске ауысуды қоғам оң қабылдайды деп ойлаймын.Себебі, халықаралық деңгейде де бұл мәселе туғызған болатын. Ол Қазақстанимиджін халықаралық аренада да көтеретін болады», — деді ол.

Айтакетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Қ. Тоқаев ҚРКонституциясына сай митингтердің өтуін хабарламалы түрде реттеу қажеттігінайтты. 

«Митингтер ешбір заңға қарама-қайшы келмесе,рұқсат беруге болады. Олар азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпке кедергікелтірмесе, әрине. Бұл менің ұстанымым. Біз оны заңнамалы түрде бекітетін боламыз», — деді Тоқаев.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз