«Митингі болған жерге кездейсоқ барғандар босатылсын»
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 9-10маусым күндері өткен митингіге кездейсоқ келген жандарды босатуды бұйырды.
ОтандықБАҚ-ры полицияның көшеде жай кетіп бара жатқан жандарды да ұстағанын жазғанболатын.
«Бас прокурорға азаматтардыңзаңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсініңдеңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқболғандарды босату қажет», — деп жазды мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКЕМЕЛҰЛЫ Twitter әлеуметтік желісіндегіпарақшасында.
Сайлау күні (9 маусымда) Қазақстанпрезиденті сайлау күні Алматыда жүздеген адам сайлауға қарсы наразылықакциясына шыққан еді. Елорда мен Шымкент, Ақтөбе қалаларында да шерулер өтті.ІІМ-нің мәліметінше Астана мен Алматыда 700 адам ұсталған.
Наразалық акциясы Алматыда 12 маусымкүні де өтті. Кеше қаланың дүкендері, дәріхана, сауда орталықтары әдеттегіденерте жабылып, барлық әлеуметтік желілер бұғатталды. Жүзден астам адам ұсталды.Олардың арасында оппозициялық саясаткер Жасарал ҚУАНЫШАЛИН, «Оян, Қазақстан»қозғалысыны мүшесі Димаш ӘЛЖАНОВ бар. Тіпті журналисттер Бақытжан ҚОСБАРМАҚОВпен Ержан ӘБДІРАМАНДЫ да ұстап алып кеткен.
Фото: arnapress.kz