Митингіде қамалғандарға тамақ апардық
Қарағандылықтар митингіде ұсталғандарға азық түлік тасуда.Қарағандылық белсенді, журналист Айсұлтан ЖАҚЫП бастаған топ Нұр-Сұлтанда митингіге шығып, ұсталғандарға көмек қолын созуға кірісті.
Бейресми деректер негізінше елдің бас қаласында ұсталған бірнеше адамды Шахтинск, Теміртау, Осакаровка өңірлеріндегі полиция бөлімдеріне жеткізген. Сайлаудан кейін Республика қозғалысын құрған Айсұлтан Жақып бастаған бірнеше азамат 13 маусымда Теміртауда қамалғандарға барған. Айсұлтан Мұхамедияұлының айтуынша, олар алдымен Қарағанды өңіріне қамалғандар туралы ақпарат жинап, туыстарымен хабарласып, әлі қамаудан шықпағанын анықтап алған соң іске кіріскен. Республика қозғалысының мүшелері бірігіп, қаражат жинап, соған тамақпен қоса су, темекі, гигиеналық заттарға дейін сатып алған. Нақтыланбаған дерек бойынша Теміртауда елу шақты ұсталғандар бар екен. Көмекке барған белсенділерге кезекші бөліміндегілер нақты қанша адамның бар екенін айтпаған, тек үш мезгіл ыстық тамақ берілетінін жеткізген.«Кезекші бөліміндегілерге егер бұл жерде он шақты адам ғана жатса, әкелген тамағымыздың жартысын ғана тастап кетеміз ба деп сөз суыртпақтап көрдік. «Мұнда тұрған қазақтың жігіттері ғой енді барлығын қалдырып кетсеңіздер де болар мүмкін» деп айтып қалды. Апарған қасық, кеселеріміз қажет болмай қалды, ыдыс жеткілікті деді, сонымен апарған тамақтарымызбен ұсақ-түйек заттарымыздың барлығын Теміртауда отырған жігіттерге қалдырып кеттік», -идейді Республика қозғалысының мүшесі Айсұлтан Жақып.Республика қозғалысының жігіттері енді бүгін Шахтинск қаласымен Осакаровкада отырған азаматтарға азық-түлік пен керек-жарақтарын жеткізетінін мәлімдеді. Бейресми мәліметтер бойынша 13 маусымда Шахтинск қаласында қамауда отырған 7 тұрғынды босатып, иарнайы автобуспен Нұр-Сұлтан қаласына жіберген. Мұнда митингіде ұсталып қамауда отырғандар әлі бар.
Еске сала кетсек 11 маусымда ІІМ Нұр-Сұлтан қаласында сайлау күні наразылыққа шыққан 200 адамды Ақмола және Қарағанды облысының өңірлеріне апарғанын мәлімдеген болатын.
Фото: Айсұлтан Жақыптың Facebook парақшасынан