12:30, 21 Мамыр 2024
Мопед айдаушылардан жүргізуші куәлігі талап етілмек

Мопедтер, мокиктер және скутерлердің жүргізушілеріне А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуды енгізу ұсынылады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.
«Мопедтер, мокиктер және скутерлердің есебі қазір жүргізілмейді, бұзушылықтар үшін жауапкершілік мардымсыз, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл - 11 мың теңге. Оларды міндетті мемлекеттік тіркеуге алу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуды енгізу ұсынылады, ол 16 жастан бастап беріледі», - деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Сондай-ақ тұтас бір сызықты қиып өту қарсы жолаққа шығуға теңестірілді, ал, елді мекендегі автобустардың жылдамдығы сағатына 50 км-ге дейін төмендеген.
Фото: ортком