Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:22, 08 Ақпан 2024

«Мұнайлы Атырау үшін ұят»: тұрғындар кардиология орталығының жай-күйіне наразы

Атырау
Фото: из открытых источников

Мұнайлы өлке Атырау қаласының орталық ауруханасының жай-күйі осындай. Аурухананың жағдайы туралы БАҚ-тарға жергілікті тұрғындар көмек сұрап, видеожазбалар жолдаған. 

Видеода көрсетілгендей аурухананың қазіргі жағдайы үлкен құрылысты қажет етіп тұр.


«Бұл орталыққа нағашымды әкеліп, өз көзіме өзім сенгем жоқ. Қазіргі дамыған заманда осындай мекеменің болғаны тіптен ұят. Денсаулық сақтау саласына қаншама қыруар ақша бөлінеді. Неліктен ең болмағанда осы салада жөні дұрыс мекеме салынбайды», - деп ашынды тұрғын.



Сөзінше, бұл облыстық аурухана жанында ашылған кардиологиялық орталықтың қазіргі көрінісі.

Желіде тұрғындар, бұл орталыққа ғана емес, онкологиялық аурухананың жағдайы жайлы да жазды. 

"Оның жағдайын тіпті айтпай-ақ қояйын. Қаланың көшелері шұңқырға толы! Жаңбыр мен қардан кейін Венецияға айналып кетеміз. Мәселе өте көп!"- деп жазды тұрғын.