Әлеумет

Мьянмадағы жарылыстан 46 адам қаза тапты

Мьянманың солтүстік-шығысындағы ғимаратта болған жарылыс салдарынан 46 адам көз жұмып, 70-тен астам адам жарақат алды. Сондай-ақ жарылыс маңайдағы 100-ден астам тұрғын үйге зақым келтірген.

1

Оқиға 31 мамыр күні Мьянманың Намхкам округіне қарасты Каунгтуп ауылында болған.

Құтқарушылардың алдын ала болжамынша, жарылыс болған ғимаратта кен өндіру жұмыстарында қолданылатын жарылғыш заттар сақталған болуы мүмкін.

Ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың арасында алты бала бар. Тағы 74 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Құтқару қызметінің өкілдері жарылыстың күшті болғанын, соның салдарынан жақын маңдағы 100-ден астам үйдің бүлінгенін хабарлады.

Оқиға болған аймақ Қытай шекарасынан шамамен үш шақырым оңтүстікте орналасқан және Таанг ұлттық азат ету армиясы бақылауындағы аумаққа жатады.

TNLA таратқан мәлімдемеге сәйкес, жарылысқа кен өндірісінде пайдаланылатын гелигнит жарылғыш заты себеп болған. Оның нақты қалай жарылғаны әзірге анықталып жатыр.

Қазір оқиға орнында құтқару және тергеу жұмыстары жалғасуда. Қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екені айтылуда.

Тегтер: жарылыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз