Саясат

Мырзахметовке бір мүмкіндік бергендей...

Жамбылда соңғы күндері екі-үш адамның басы қосылса, әңгімелерінің«бісмілләсі» «әкім кетеді екен» деп басталып, бірі Мырзахметовты «Түркістаноблысына ауысады екен» десе, енді бірі «жоқ Асекең Астанаға, премьер министрдіңорынбасары болады екен» десті.

Мырзахметовке бір мүмкіндік бергендей...

«Жел тұрмаса шөптіңбасы қимылдамайды» демекші, әулиеаталықтар арасында «әкім ауысады екен» дегенсөз Тоқаевтың таққа отырғалы аз ғана уақытта Мырзахметовты Ақордада екі мәртеқабылдауы, артынша өңірге өзі де келіп кеткенінен кейін-ақ тарағанболатын.  

Расы керек,жергілікті жұртшылық арасында «Асқар Исабекұлына Жамбылда бастаған жобаларынаяғына дейін жеткізуге мүмкіндік берілсе екен» деп қимастық сезімдерін білдіргендерде, «Мырзахметов өсетін болды, Дауылбаев бастаған нөкерлері артынан көшетінболды» дегендер де кездесті. «Әкім кетеді екен» деген әңгіме жұртқа тегісжайылғанда Мырзахметовтың өзі де тыныш жата алмай: «… Мен өзімді мұндауақытша жүрген адаммын деп есептемеймін. Жамбыл облысына аянбай еңбек етеміндеп келген адаммын» деген сөзін арнады. Дегенмен, жамбылдықтар арасында тарағанжел сөз дүйсенбі күні түс әлетіне дейін тоқтаған жоқ. Өйткені, сол күні сағат15:00-де облыстық мәслихаттыңкезектен тыс сессиясының өтетіні шоқты қайта үрлегендей әсер қалдырды.

Әдетте, мұндай жиындарға республикалық бұқаралық ақпаратқұралдарының өкілдерін ат жіберіп алдырмаса да, хат жіберіп әрең шақыратынәкімшілік өкілдері бұл жолы «сессия отырысына БАҚ өкілдерін қатыстырмау жөніндежоғарыдан тапсырма түсті» деп кіргізбеді. Кейіннен белгілі болғандай, жабықжағдайда өткен сессия отырысында депутаттар Мемлекет басшысынан келген құжатқасәйкес, Жамбыл облысы әкімі лауазымына А.Мырзахметовтыңкандидатурасын қарап, бірауыздан қолдап дауыс беріп, оның облыс әкімілауазымына тағайындалуын мақұлдапты.

Қайбір күні А.Мырзахметов: «Өткен жолы Президентқабылдауында болғанымда Жамбыл облысында әлеуметтік нысандарды салудың жаңатәсілін пайдалану бойынша ұсыныс айтқан едім. Себебі — жылда салынатын, әсіресетиптік жобаларға, жыл сайын ақша шығарып, толық ЖСҚ (ПСД) жасаудың қажеттілігішамалы. Айталық, 300 немесе 600, 900, 1200 орындық мектептер, дәрігерлік амбулаториялар,медициналық бекеттер, спорт, мәдениет, басқада әлеуметтік нысандар, инфрақұрылымдар, т.б. Бұрын жасалған, белгілі ЖСҚ-лардысалынатын жерге «байлап», азын- аулақ өзгерістерді ескерсе жеткілікті.Екінші жолы, мердігерлер ЖСҚ-ны өзі, осы жолмен дайындай отырып, құрылыстыбірден бастай беруіне де болады. Ұтатынымыз – уақыт (кемінде 1 жыл) жәнеқаржының үнемделуі (аз қаржы емес, тек ЖО өткен жылы 1млрд тг жуық ЖСҚдайындауға жұмсалды)», — деген пікірін айтқан болатын. Оның осы ұсынысынЖамбылға келгенінде Қ.Тоқаев та қолдап, мұны биылғы жылы жоба ретіндеӘулиеатада сынақтан өткізуді тапсырып, әгәрәки нәтижесін берер болса елімізбойынша айналымға енгіземіз деп кеткен еді.

Рас болса, Әулиеата әкімінің қызметіндеқалуының бірден-бір себебі осы жобаға тікелей қатысты дейді білетіндер. Жұртшылық«Мырзахметовке бір мүмкіндік берді, өсетіні, не өшетіні жыл айналып келгендебелгілі болады» деген долбар жасауда. Оны енді уақытында көре жатармыз.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз