Марк Рютте Украинаға қолдауды жалғастыратынын айтты
НАТО-ның жаңа бас хатшысы Марк Рютте Украинаға қолдауды жалғастыру керектігін айтты.
Рютте 12 минуттық қоштасу сөзінде Украинаны қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Ол 2014 жылы Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған Малайзия әуе компаниясының ұшағын Украинаның үстінде құлату оның қызмет кезіндегі ең эмоционалды және қиын оқиға болғанын еске алған.
Рютте Украинадағы бейбітшіліктің Нидерландының қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтіп, Украинаға қолдауды жалғастыру керектігін қосты:
«Еліміздің Еуроодақ пен НАТО-ға интеграцияланғаны өте маңызды. Дүниежүзілік картаға қарасаңыз, мұны анық көресіз. Сіз жалғыз емес, бірге күштісіз. Әсіресе, біздің елден бірнеше сағаттық қашықтықтағы елде соғыс болады деген ой бізді Украинаны қолдауға итермелеуі керек», деді Рютте.
Айта кетейік, ол 14 жыл Нидерландының премьер-министрі қызметін атқарған.