Наурыз нағыз той болсын
Қыс кетіп, күн шырайы түзелген кезде тәңірідей құдай ел тіршілігіне кеңшілікәкелді деп есептеледі.
… Ескі ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, ендіжаңа үміт, жаңа тіршілік есігі ашылған күн». Қыс қатты болған биыл туралы айтылғандай,бұл сөздерді көп жыл бұрын Мұхтар Әуезов «Сыршылдық салт өлеңдері» атты мақаласындажазған. Ұлы жазушы мақаласын былай деп бастапты: «Наурыз күншығыс халқының көбініңмейрамы болған. Солардың ішінде, әсіресе, көшпелі түркілер арасында ең қадірлі,ең ұлы мейрам болып саналған».
«Дұрысында, қазақтың тамағы да, киімі де, үйі де, күйі де, көлігі де,отарбасы да, телеграфы да, телефоны да мал емес пе? Малсыз қазақтың күні барма? Сол малын аман сақтау үшін қысқы аязда, ызғырық боранда бейнет шегіп, еңбексіңіріп, малымен бірге жатып, бірге тұрып, бірге жүріп, бірге ығып, қыс қандай қысылса,жаз сондай жазылатын, жадырайтын шаруашыл, еңбекшіл қазақ қыстың өткеніне,жаздың жеткеніне қалайша өзгелерден артық қуанбасын, жаздың басы жаңа күн –Наурызды қалайша мейрам етпесін». Бұл – қазақтың ардақты ұлы Міржақып Дулатұлының«Қош келдің, Наурыз!» атты мақаласында жазғаны.
Осы сөздерден көктемді қазақтың жаңа жылдың басы деп неге таңдағанын түсінугеболады. Қазақтар әлемнің табиғи жүйелілігін ежелден түйсінген ел. АғартушыАхмет Байтұрсынұлы Наурыз мерекесі туралы былай деп жазған: «Жаңа жылымыз –… шын мағынасында Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануаржаздың жақындағанын сезіп, көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолышешіліп, алты ай қыс баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп, демалып отырғанкез. Ағаш шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күнде қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып, жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрыншашып, үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрғанкез».
Ұлы ақын Абайдың: «… Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып,наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні»дейді екен», – деген сөздері де бүгінге жетіп отыр.
Абайдың інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы Наурыз сөзін парсыныкі дей келе, мағынасы«жаңа күн» деген сөз деп, ары қарай «Ескі қазақта Жаңа жыл күнінің аты – Ұлыс.… Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау:
Ұлыс күні қазантолса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден батаалса, сонда олжалы болар, – деген тіпті ескі
мақал» деп жазған.
Ұлыс сөзі, шынында да, көне сөз, оның байырғы мағынасы «ұлы іс» болсакерек. Халықты әбден қысқан суық маусымнан соң жеңілдік әкелген табиғаттың жаңаруынТәңірінің ұлы ісі деп түсінгендіктен, жаңа жылды ұлы істің бастамасы деп «Ұліс» атап, кейін бұл «Ұлыс» деген бір сөзге айналған.
Қазақтар көктемді жыл басы деп қабылдаудан әлі де айнымай келеді. Себебі көктем– әлемнің шын мәнісіндегі жаңаруы. Басқа елдер де бұрын көктемді жыл басы деп түсінген.Мысалы, ағылшындар ХVІІІ ғасырға дейін жаңа жылды 26 наурыз күні тойлаған. Көршіел Ресей де христиан дінін қабылдағанға дейін жаңа жылды наурыз айының 1-і күніқарсы алған.
Ал қазақтар ежелден жаңа жыл көктемнен бастау алады деп білген. Ислам дінінқабылдағаннан кейін де қазақтар жаңа жылды көктемде мерекелеуінен жаңылмаған.«Наурыз – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы. Наурыз қазақтың ұлы мейрамы болыпкеткен. Құрбан айт, ораза айттардан гөрі дені де сау, қадірі де артық». СұлтанбекҚожанұлы 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газеті бетінде «Наурыз туралы» мақаласындаосылай деп жазды.
«Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттеріжасалмайды. Бар болғаны – бір-бірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын!» дейді». Бұлақиық ақын Мағжан Жұмабайұлының 1927 жылы «Наурыз» мақаласында жазғаны.
Мұхтар Әуезов өз мақаласында Наурыз мерекесін қосқан ескі бір өлеңдікелтірген:
«Есік алды қара су бойлағаным,
Жалғанның қызығына тоймағаным.
Көмілсем де кетер ме көкейімнен,
Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным».
Қазақтың байырғы ата-бабалары ұлыс күні сақал-мұртын түзеп, шаштарын алып,жаңа киімдерін киіп, көршілерін құттықтайтын болған. Ұлыстың ұлы күні барлықадамдар өздеріне тілегенін басқаларға да тілейді.
Сол күні құшақтасып көрісіп:
«Амансыз ба, ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлігі ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!» – деп жақсы тілектер тілеген.
Алты күн садақ тартып дайындалып, жетінші күні жамбы атысып жарысатын болған.Кімде-кім бірінші болып алтын жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патшаболуға ерікті болып, оған бүкіл ел бағынған.
Наурыз мейрамының басты тағамы – наурызкөже. Мағжан Жұмабайұлының жазуыбойынша: «Жаңа жыл күні қазақ әдетінше әр үйде қазан-қазан көже пісіріледі. Көженіңішіне қысқы соғымының тек басы салынады. Көжеге көп сүт құйылады. Басты, шекеніқарттар мүжіп, құлақты балаларға кесіп беріп, басқа жұрттар көжені талап ішеді.«Ауыз ақтан арылмасын, қызылды (ет – Б.О.) уақытымен (қыс) көрсетсін, жас құттыболсын!» – деп бата жасап тарасады.
Бұл көже ішу – келе жатқан жазбен ұшырасып, қарсы алып, ас ішу ретінен аққакөшу. Көжеге тек бас салып, асып жеу – қарлы қыспен, қыс тамағы – етпен қоштасу».
Наурызкөжеге басқа да дән-дақылдар қосып пісірген. Оразақын Асқар ағамыз «Бұлкөжеде бәрі бар» атты өлеңінде:
«Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта – ағы бар.
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар».
Әрине, қазақтар жаңа жылды қарсы алуда жақсы тілек тілеп, дастархан жаюменшектелмеген. Жаңа жыл үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, үй төріне қосшырақ жағып қоятын болған. «Жаңа жыл таза үйге кірсе, ол үйді ауру-сырқау, пәле-жалаайналып өтеді» деп сеніп, Наурыз мейрамына дейін үй ішін тазартқан. «Жыл аққа,дәнге, жауынға көп болсын» деп, ыдыстарды сүт, айран, шұбат, шалап, уыз және бұлақтыңтаза суымен толтырған. Жаңа жыл келер түні бойжеткендер ұнатқан жігіттеріне соғымныңетін уызға салып, «ұйқыашар» атты тағам пісірген. Бозбалалар өз кезегінде «селтеткізер», «дір еткізер» деп аталатын айна-тарақ, сақина-сырғаларын сүйгендерінесыйлап, өз сезімдерін жеткізген.
Күн мен түннің теңесетін мезгілі, Наурыз мейрамын жаңару деп түсінген қазақхалқы бұл күндері қоғамды жаңартуға әрекет жасаған. Ел басшылары ат құйрығынкесісіп араздасқандарды бір дастархан басына шақырып татуластырған. Жалғыз-жетімдердіел болып үйлендіріп, жеке отау еткен. «Сүйекке дақ, етке таңба болмасын» депкембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына міндеттеп тапсырып отырған.Жаман жолға түскендерді ел талқысына салып, дұрыс жол көрсеткен.
Наурыз мейрамы – қазақтың қанына сіңген әдет-ғұрыптың үлкені. Мен 1973 жылыҚарсыбай Сыпатайұлы атындағы №7 мектепті бітірдім. Ол кезде Наурыз мейрамыресми түрле тойланбайтын. Дегенмен көктем келісімен Батыр Қабылбекұлы, БотакөзХасанқызы, Серік Беркімбайұлы, Ерлік Сейдахметұлы есімді сыныптастарым тұратынБостандық көшесінде наурызкөже ішетініміз әлі есімде. Кейін, 1978 жылы Шымкентпедагогикалық институтын бітіріп, Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы елдімекенінің Аманкелді Иманұлы атындағы мектепке қызмет етуге барғанымда, ауыладамдарының Шымкент–Ташкент үлкен жолының бойында дастархан жайып, бейтанысадамдарды ұлты мен дініне бөлмей шақырып, дәм татқызып жатқанының куәсі болғанмын.
Қазақ халқының өз елінде ешкімді алаламай, бауырына тартып, тәуелсізмемлекет құрып жатқанында да, көптеген ғасырлар бойы тойланып келе жатқанНаурыз мейрамының орны ерекше деп білемін. Тәңіріміз осыдан жазбағай!
Наурыз мерекесі өз деңгейінде өткізіліп келе ме? Жылда өткізілетін Наурызмейрамы басқа мерекелерден несімен ерекшеленеді? Меніңше, айтарлықтайайырмашылығы жоқ сияқты. Киіз үйлер тігіледі. Сахна орнатылып, әншілер ән шырқап,күйшілер күй орындап, бишілер би билеп жатады. Көпшілік алаңға келеді, кетеді.Негізі, бұл мерекені уақытынан ертерек, көшелер мен ғимараттарды, сауда орталықтарынұлттық нақышта безендіруден, батырлар жырынан жарыс өткізу, құндылықтарымыздысақтау төңірегінде айтыс өткізу, ұлттық киімдер көрмесі секілді шарапаты молшаралардан бастасақ дұрыс болар еді.
Бердалы ОСПАН, мәдениеттанушы