Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:47, 21 Ақпан 2024

Навальныйдың анасының шағымы жабық есік жағдайында қаралады

жабық есік
Фото:

Людмила Навальнаяның ұлы Алексей Навальныйдың денесін беруден бас тартқаны үшін берілген шағымы Салезардтағы сотта жабық есік жағдайында қаралмақ. Бұл туралы golosameriki мәлімдеді.

Сот өкілдері шағымның заңсыз деп танылған әрекеттер мен шешімдерге қатысты түскенін растады. Бұл шағымды қарау 4 наурызға белгіленген.

Бұған дейін Людмила Навальнаяның Ресейдің Тергеу комитетінің ұлының мәйітін беруге қатысты әрекетсіздігіне байланысты сотқа шағым түсіргені хабарланған болатын. Ол сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путиннен мәйітті жерлеуге беруді талап етті.

Ресейдің Тергеу комитеті Навальныйдың өлімінің мән-жайын тексеріп жатқанын алға тартып, оның денесін беруден бас тартып отыр. Қарау кем дегенде екі аптаға, 3 наурызға дейін ұзартылған.

Федералдық жазаны атқару қызметінің ресми нұсқасы бойынша, Алексей Навальный 16 ақпанда ерекше режимдегі «Полярный волк» колониясында серуендеуден кейін қаза болған. Ол өлерінің алдында қамауда ұстау жағдайлары бұрынғыдан да қатаң болған жазалау камерасына ауыстырылғаны белгілі болды. Навальныйдың жақтастары оның өлтірілгенін айтса, Алексей Навальныйдың жұбайы Юлия күйеуінің жұмысын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.