Саясат

Назарбаев Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың президенті болып сайланған Джозеф Байденді құттықтады, — деп хабарлайды Елбасы сайты.

Назарбаев Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Елбасы Джо Байденмен 2010 жылғы Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Вашингтонда өткен кездесуін, сондай-ақ телефон арқылы сөйлескендерін жылы еске алғанын атап өтті.

Ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық ынтымақтастық екі мемлекеттің халқы үшін нығая түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жеделхатында  Джо Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Джо Байденді құттықтады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз