Назарбаев биліктен кететінін маған айтты
ҰҚК төрағасы Кәрім МӘСІМОВ Елбасы туралы фильмде Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ отставкағакетуіне бастапқыда қарсы болғандығы жайлы айтып берді.
Мәсімовтың айтуынша, экс-президент 19наурызға 1-2 күн қалғанда отставкаға кететіні туралы шешімге келгендігінайтқан.
«Нұрсұлтан Әбішұлы меніменболған әңгімеде бір құпияның шет жағасын ашты. Орнынан түсетіндігін және арықарай конституция бойынша жүретінімізді айтты», - дейді Мәсімов.
Сондай-ақ, Мәсімов өз сөзінде сол кездебұл шешімді дұрыс деп санамағанын дажасырмады.
«Мен әзірге президенттікқызметтен кететін уақыт келмеді деп санадым. Нұрсұлтан Әбішұлына берген кеңесіммынадай болды: «Бұның қандай қажеті бар, мүмкін асығыстық танытудың қажеті жоқшығар. Билік мерзімі 2020 жылға дейін». Маған Нұрсұлтан Әбішұлы 1 күнкешіккеннен 1 күн ерте кеткен жақсы деп жауап берді. «Мен осы шешімдіқабылдадым. Сен де уақыт өте бұның дұрыс екеніне көзің жететін болады. Барлығыөз уақытында болу керек» деп жауап берген еді. Өмір расымен де, оның дұрыс шешімқабылдағанын дәлелдейді деп ойлаймын," — деп сөзін қорытындылады КәрімМәсімов.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19наурызында отставкаға кету туралы шешім қабылдаған болатын. Билік уақытша Қасым-ЖомартТОҚАЕВҚА берілген еді.
Тоғызыншы маусым күні кезектен тыс президенттіксайлауда Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ мемлекет басшысы болып сайланды.
Елбасы туралы деректі фильм«Искусство быть Лидером» деген атаумен «Хабар» арнасынан көрсетілді.
Фото: zhasalash.kz