Назарбаев президент ұшағын Тоқаевқа тастамай кеткен
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА президент ұшағын бермеді. Бұл жөнінде «aircharter»-ге сілтеме жасап, «iarex.ru»басылымы хабарлады.
Басылыммәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев өз орнын Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіпбергенімен, мемлекет басшысына тиесілі құны 250 миллион доллар тұратын №1борт «Airbus A330-243 Prestige» ұшағынбермеген. «Аircharter» журналистерінің зерттеуі бойынша, қазірҚазақстанда президенттерге арналған екі әуе кемесі бар. Оның бірі Назарбаевтыңиелігінде қалған борттық нөмірі UP-A3001«Airbus A330-243 Prestige» ұшағы болса,екіншісі Тоқаевтың сапарларына арнаған «Airbus A321-211(CJ)» әуе кемесі.
Қазір президент пен үкімет мүшелерін тасымалдайтын «Бүркіт»мемлекеттік компаниясының паркінде 11 әуе кемесі бар. Олардың қатарындажоғарыда аталған «Airbus A321-211(CJ)»-ден бөлек, «Airbus A320-214(CJ) Prestige»,«Boeing 757-200», «СRJ-200», «Bombardier Challenger 850» ұшақтары, екі «Ми-8» тікұшағы, бір транспорттық «Ил-76» және төрт«Ан-2» әуе кемелері бар. Бұл қатарда Нұрсұлтан Назарбаевтыңпайдалануындағы «Airbus A330-243 Prestige» ұшағы жоқ. Ол қазір«Қазақстан-Үкіметі» әуе флотының тіркеуінде тұр.
Фото: kazvedomosti.kz